Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Павлодарлық полицейлер балалар отырған автобусты апаттан қорғап қалды

AstanaTV
17.02.2017ж. 20:00
2435
Павлодарлық полицейлер балалар отырған автобусты апаттан қорғап қалды

Павлодарлық полицейлер 20 шақты жеткіншекті жол апатынан құтқарды. Астана-Павлодар бағытымен келе жатқан автобус пен жүк көлігі бетпе-бет соқтығысуға шақ қалғанда сақшылар шұғыл шешім қабылдаған. Олар мінген қызметтік көлік Камаздың жолына шығып, оны бөгеген. Нәтижесінде оқушылар мінген автобус апаттан аман қалды. Полиция аға сержанты Баянбек Жүнісовтің сөзінше, апаттан құтылудың басқа амалы болмапты. Сондықтан тәуекелге бел будық,- деп отыр. Жол апатынан екі полицей зардап шекті. Көлік тізгінінде болған Мұрат Нұрсейітов жансақтау бөлімінде жатыр.

Баянбек Жүнісов, Баянауыл аудандық ІІБ қызметкері:

Шопыр айтты соққыны өзімізге алу керек деп. Автобустағы балалар аман қалу үшін. Отбасы бар. 2 баласы бар. Уайымдап отырмыз. 

Кеңес Ақылжанов, Павлодар қалалық ауруханасының бөлімше меңгерушісі:

Жағдайы ауыр. Бүгін жедел жәрдем бойынша әкелінді. Ем өткізіліп жатыр. Сүйек сынықтары, жаралары бар.

Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталған. Белгілі болғандай, автобус Баянауыл ауданынан Павлодарға келе жатқан. 18 бала мен 4 мұғалім облыстық спартакиадаға қатысу үшін жолға шығыпты.