$450.62 €504.2 ₽5.36

Балықшы суға батып кетті

Балықшы суға батып кетті
Ашық дереккөз

Ақмола облысының Бұланды ауданында балық аулауға кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Astana TV.

Оқиға 13 қазанда Никольское ауылының маңындағы Жарлыкөл көлінде болған. Құтқарушыларға 1958 жылы туған ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.

Ер адам балық аулап жүрген. Іздестіру жұмыстары барысында жағадан шамамен 100 метр қашықтықтағы қамыс арасынан резеңке қайық табылды. Бүгін таңертең ер адамның денесі табылып, судан шығарылды.

Іздестіру жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция және жергілікті тұрғындар қатысты.