$457.7 €492.81 ₽6.49
×

Елімізде дәрі-дәрмек бағасын қазіргіден едәуір төмендетуге болады - ДСМ

AstanaTV
17.02.2017ж. 20:00
1761
Елімізде дәрі-дәрмек бағасын қазіргіден едәуір төмендетуге болады - ДСМ

Елімізде дәрі-дәрмек бағасын қазіргіден едәуір төмендетуге болады. Ол үшін препараттардың құны мемлекеттік деңгейде реттелуі тиіс. Шымкентке жұмыс сапарымен барған денсаулық сақтау министрлігінің өкілі осыны айтты.

Лариса Пак, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрайымының міндетін атқарушы:

Дәріханаларда бағаның шарықтап кеткені туралы жиі шағым түседі. Пайызға шақсақ, мемлекет дәрі-дәрмектің 54 пайыздайының құнын реттейді. Егер заң жүзінде қолға алатын болсақ, кем дегенде дәрілік заттардың құнын 3-4 есе арзандатуға мүмкіндік туар еді. Бірақ бұл нарық.  

Ал Мәжіліс депутаттары аймақтағы медициналық препараттар өндіретін кәсіпорындарды аралап, олардың жұмысымен танысты. Мақсат дәрі-дәрмекті арзандатып қана қоймай, оның сапасына да баса мән беру. Айта кетейік, нарықтағы отандық дәрі-дәрмектің бүгінгі үлесі 50 пайызға жақындап келеді. Оның мөлшерін ары қарай арттыру, импортқа тәуелділіктен арылу маңызды мәселе болып тұр. 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах
Соңғы жаңалықтар