Алматылық
зағип жандар «мердігер
компания шала атқарған жұмысты өзіміз аяқтауға мәжбүрміз»
дейді. Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақ соқырлар қоғамы кәсіпорындарының сыртқы
коммуникациясын жаңарту мақсатында жоба ұсынған. «Бизнестің жол картасы-2020»
аясында тендерді жеңген мердігер компания жұмысты бастап, аяқсыз қалдырған
көрінеді. Кемтар жандар қазына қаражаты әлдекімдердің қалтасына кетті ме деп
алаңдайды.
Алматылық
Арнұр Аймұхановтың көз жанарынан айырылғанына 30 жылға жуықтаған. Дер кезінде
ота жасатуға қаржысы жетпей, мүгедек болып қалған жігіт зағиптар қоғамының тәжірибелік кәсіпорнында жұмыс істейді. Осы
жерден нәпақасын тауып жүргендіктен, мекеменің айналасы тап-тұйнақтай болғанын,
мүгедектерге лайықты жағдай жасалғанын қалайды.
Арнұр Аймұханов, Алматы қаласының тұрғыны:
Осы
территорияда көзі көрмейтін адамдар жұмыс істегеннен кейін, бұл жерде жаңағы су
құбырларын өткізіп, біраз шұңқырлар болды, ямалар болды. Сол жерге көзі
көрмейтін адамдар түсіп кеткен жағдайлар болады. Соны енді кішкене қолға алып,
көмектессе екен деймін.
2013
жылы кәсіпорын сыртқы коммуникацияларды жүргізу үшін жоба ұсынған. Тендерді
жеңіп алған мердігер компанияға кәріз, су құбырларын ауыстыру, электр жүйесін
тарту мен асфальт төсеу жүктелген. Жұмысты атқару үшін мемлекет қазынасынан 170
миллион теңге бөлінген. Бірақ жұмыс әлі күнге аяғына жеткен жоқ дейді,- Қазақ зағиптар қоғамы тәжірибелік
кәсіпорынының директоры.
Раушан
Рысқалиева, Қазақ зағиптар қоғамы тәжірибелік кәсіпорнының директоры:
Қыстай
уақытша тартылған коммуникация жүйелерімен күнелтуге мәжбүрміз. Қазір бізде
жарық, су, жаяу жүргіншілер жүретін жол жоқ. Тығырықтан шығу үшін өзіміз
тырмысып жатырмыз. Қазынадан бөлінген қомақты қаржы тиімді жұмсалуы керек ғой.
Ол ақша біз секілді мүгедектердің
жағдайын жақсарту үшін бөлінген жоқ
па?
Нұрбек
Әбдірахманов, Қазақ зағиптар қоғамы тәжірибелік кәсіпорнының қызметкері:
Мына
жердің бәрі көк ала шөп, тропинкалар болатын. Қазір осының бәрін қазып, адам
жүрмейтіндей қылып тастады. Бұның бәрі осы мына жерден теплотрасса жүрді,
бұрынғы канализация бар еді, оны бұзып, қай жерде жарылған жерін іздеп, ақыр
аяғында соны таппады да, мынаның бәрін қазған қалпымен тастап кетті.
Іске
жауапты мердігер компания өкілі барлық жұмыстар ойдағыдай атқарылғанын айтады. Жылу жүйесі жаңартылып, электр желілері
тартылған. Асфальт тіпті мың шаршы
метрге артығымен төселді,- дейді ол.
Игорь
Гладкий, «AIG» ЖШС техникалық директоры:
Жобалау
сметалық құжаттамасында көрсетілген жұмысты толығымен орындадық. Тіпті бірнеше
рет тексердік де. Азаматтарға көмектескіміз келді. Бірақ олар құжаттамада көрсетілмеген қосымша жұмыстарды
атқаруымызды сұрайды.
Жандос
Төлеубаев, Алматы қалалық құрылыс
басқармасы басшысы орынбасарының
міндетін атқарушы:
Ғимараттарының
барлығын жалға беріп отыр. Электрдің істен шығуы - ол кісілердің өздерінің қуаты көп. Сол қуатқа байланысты біздің салған кабеліміз өздерінің
салған ескі кабельдері істен шығады. Бастапқыда проект басталған кезде 170
млн болған. Одан біз госэкспертизаға кіргізген кезде, бізден қысқартылып шығарды.
Өйткені бізге ғимараттың іші жоқ, тек сырты ғана деп. 106 млн қазір толық
игерілді.
Айгүл
Ермахан, тілші:
Жергілікті
билік өкілдері осылай дегенмен зағип жандар сырттағы жұмыстың да жетісіп
тұрмағанын айтады. Жоба бойынша өзімізге тиесілі қаражаттың қайда жұмсалғанын
бәрібір білеміз. Ендігі үмітіміз Бас прокуратурада деп отыр.
Айгүл ЕРМАХАН