Арнайы
даярлықтан өткен ұстаздардың жоқтығынан кемтар балаларды оқыту қиындық
туғызуда. Мектептер тиісті деңгейде қамтамасыз етілмеген әрі оқу құралдары жоқ.
Депутаттар осылай деп дабыл қағып отыр.
Бақытгүл
Хаменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының
мүшесі:
Кейбір
қала орталығынан жырақ жерлерде бір компьютерге телмірген жүз бала болса,
мүмкіндігі шектеулі ұл-қызға тиер үлестің аздығы бар. Оқу стандарттарын
айтпағанның өзінде, қарапайым оқу құралынан табылатын қателікке көзді жұмдық.
«Нұр Отан» партиясында инклюзивті білім
берудегі проблемалар талқыланды. Депутаттың айтуынша, ұстаздарды арнайы
курстардан өткізіп, балаларды біріктіріп оқыту мен қашықтықтан білім беруді
жүзеге асыру керек. Бұл оқушылардың мектеп өміріне белсене атсалысуына мүмкіндік береді. Президент 2015 жылы
«Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау» құжатына қол
қойған. Осы ретте кемтар жандардың қоғамдық өмірге араласуы мен білім алуына,
жұмыспен қамту мәселесіне көңіл бөлініп келеді.
Фархад
Қуанғанов, «Нұр Отан» партиясының
хатшысы:
Елімізде
145 мыңдай адам ерекше білім беруді қажет етеді. Оның 96 мыңы - мектеп жасындағы
балалар. "Нұр Отан" партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі
шектеулі жандардың өмірін жақсарту көзделген. Бұған еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі ерекше атсалысып келеді.