Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтөбеде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бөлінген қаржы тиімді игерілді

AstanaTV
17.02.2017ж. 20:00
2337
Ақтөбеде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бөлінген қаржы тиімді игерілді

Ақтөбеде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында бөлінген қаржы тиімді игерілген. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы отырысында белгілі болды. Өткен жылы 65 инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін 18 миллиард теңге бөлініп, мақсатты жұмсалған. Мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемделген 143 миллион теңге көлеміндегі қаржы ғана игерілмепті. Қазір бақылауда 40-тан астам нысан бар. Комиссия мүшелері құрылыстың сапасына ерекше мән беріп, тексеріс жұмыстарын жиілетуді көздеп отыр. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандардың тиісті деңгейде жұмыс істеп кетуі де бақылауда болады.

Амангелді Есіркепов, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты,  «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі:

Игеріліп қойған әлеуметтік объектілер іске қосылғанда, бірден халық игілігіне жұмыс жасап кету мәселесі. Тапсырылған, істеліп  жатқан объектілерге барып, сапасын көрейік деп жатырмыз.