Көлік жуу бекеттерінің иелері су үнемдеу қондырғысын орнатуы керек. "Астана су арнасы" бір ай уақыт берді. Бірақ, кәсіпкерлер оны алуға мүмкіндігіміз жоқ деп отыр. Әлде де уақыт берсін дейді. "Атамекен" палатасына жиналған бизнесмендер бұл мәселені шешу үшін мемлекеттен қолдау көрсетуді сұрайды.
Толқын КӨПЕЕВА, КӘСІПКЕР:
Олар қымбат аппараттар. Бұл жерде 2-3 мойкалар қойған шығар, бірақ бұлар жай муляж. Негізі бұл оборудованиялар шетелден келеді 10 милиондай тұрады. Ал бізде кәсіпкерлерде ондай ақша жоқ. Бізге уақыт керек. Субсидия жасатсын.
Қанат НҰРМАҒАМБЕТОВ, "АСТАНА СУ АРНАСЫ" ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Астана бойынша 50 автокөлікті арнайы қондырғыны қойды. Қазіргі таңда 100 шақты автомойка жазды уақыт беріңіздер деп. Олардың барлығының айтқанына келісіп шарттарға отырып жатырмыз. Бүгін ертең өшіреміз деген ондай жоқ. Олар өздері бізге жазады бір жыл уақыт беріңіздер деп біз жазамыз.