$454.98 €509.53 ₽5.37

Астанада тұрғын үй кезегінде тұрғандарға 562 пәтер ұсынылады

05.10.2026ж. 20:17
Астанада тұрғын үй кезегінде тұрғандарға 562 пәтер ұсынылады
фото: pixabay

Пәтерлер А91 көшесіндегі 36, 36/1, 36/2 және 36/3 үйлерінде орналасқан, деп хабарлайды Astana TV.

Бір шаршы метрі – 332 916 теңге. Оның ішінде 166 – бір бөлмелі, 276 – екі бөлмелі, 80 – үш бөлмелі, 40 – төрт бөлмелі пәтер бар. 

Несие мөлшерлемесі – 5%, бастапқы жарна – кемінде 10%. Пәтерлер толық әрленіп, дайын күйінде беріледі.

Өтініштерді қабылдау жақын уақытта Baspana Market платформасындағы жеке кабинет арқылы онлайн басталады.