$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Жылу мен ыстық суға қарызы барлар қатаң жазаланады

20.06.2024ж. 20:00
332
Жылу мен ыстық суға қарызы барлар қатаң жазаланады

Жылу мен ыстық суға қарыз алматылықтар қатаң жазаланады. Олардың берешегі шамамен 2,1 миллиард теңгеге жеткен. Алматыда жылудың ақысын төлемеген 1 610 абоненттің үйінде ыстық суы өшірілді. 1212 тұтынушының активі, 355 банктік есепшоты бұғатталған. Төлемді уақытында төлемеген 165 азаматқа Қазақстаннан шығуға тыйым салынды. "Алматы жылу жүйесі" бұл амалсыздан қолданылып отырған шара екенін хабарлады. Өйткені тұтынушылардың жылудың ақысын төлемеуі алдағы жылыту маусымына толық дайындалуға, қыстан қысылмай шығуға кері әсерін тигізбек.