Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Мюнхенде қауіпсіздік конференциясы аяқталды

AstanaTV
20.02.2017ж. 20:00
2060
Мюнхенде қауіпсіздік конференциясы аяқталды

Әлем елдері миллиондаған адамның өміріне қауіп төндіретін вирусты террорлық шабуылдардан сақтануы керек. Мюнхенде жыл сайын өткізілетін қауіпсіздік конференциясы аясында миллиардер Билл Гейтс осылай деді. Сондай-ақ, шара аясында НАТО Еуроодақ елдеріне қорғанысқа бөлінетін қаржыны арттыру керектігін айтты. Биылғы конференцияға қатысқан 30-дан астам мемлекет басшысы мен үкімет мүшесі, терроризм қаупін әлемдік проблема, деп атады.

Йенс Столтенберг, НАТО Бас хатшысы:

Бәріміз канцлер Меркель мен АҚШ вице-президенті Пенстің көзқарастарын білдік. Екеуі де қорғанысқа деген қаражаттың ұлғайуының маңыздылығына ерекше тоқталды. Бұл Еуропа үшін де, НАТО үшін де тиімді. Меркельдің Германия қорғанысына деген шығын көбейеді дегенін қолдаймын. Бұл Еуропаның еркіндігіне, бейбітшілік пен қауіпсіздікке қосылатын зор үлес деп білемін.

Ал АҚШ вице-президенті Майкл Пенс Американың еуропалық әріптестерін қорғауға дайын екенін, НАТО-ны бір ауыздан қолдайтынын жеткізді. Оның сөзінше, АҚШ пен Еуроодақтың тағдыры бір, алайда Еуропа 2 пайыз жалпы ішкі өнім мөлшерінде НАТО-ны қаржыландырып тұру міндетін ұмытпауы керек.

Сондай-ақ, Мюнхен конференциясына Қазақстан атынан Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Оның айтуынша, ядролық қаруды жою мен оның содырлардың қолына түспеуі жөніндегі жұмыстар Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазақстанның басымдығы болып табылады.