$481.84 €531.33 ₽5.07
×

Ауыл балаларына арналған ауқымды IQanat олимпиадасы өз мәресіне жетті

21.06.2024ж. 20:00
422
Ауыл балаларына арналған ауқымды IQanat олимпиадасы өз мәресіне жетті

Ауыл балаларына арналған ауқымды IQanat олимпиадасы өз мәресіне жетті. Білім сайысы 8 айға созылған. 50 мыңнан астам оқушының ішінен ең қабілетті және ынталы 1000 бала суырылып шықты. IQanat - білім мен ынталандыру түрінде күшті бастапқы мүмкіндіктер беру арқылы ауыл балаларының өмір сүру деңгейін өзгерткісі келетін 150-ден астам қазақстандық кәсіпкердің әлеуметтік-білім беру жобасы. Марапаттау рәсімі балалар үшін тебіреніске толы сәт болды. IQanat қамқоршылары Бурабайдағы мектеп-пансионатында оқитын 100 баланың есімін атады. Жеңімпаз атанғандар онда тегін білім алады. Осы бағдарламаларының арқасында оқушылардың 90%-ы Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне грантқа түседі. Жоба түлектері әлемнің 15 елінде оқиды. 

Зухра ШЕГЕНОВА, IQANAT БІЛІМ БЕРУ ҚОРЫНЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:

Жалпы бұл мектептің басты мақсаты оқушыларды қолдау, оларға мотивация беру, және қазіргі уақытта біздің балаларымыз ең үздік Қазақстанның және шетел оқу орындарына түсіп жатыр. Бұл әрине үлкен үлкен біз үшін жеңіс.

Шырын ДУМАН, IQANAT ОЛИМПИАДАСЫНА ҚАТЫСУШЫ:

 IQANAT өте керемет өтуде. Бізге көптеген мүмкіндіктер берілуде. IQANAT олимпиадасында біз өзімізге жаңа орта таптық, әртүрлі тренингтер болды. Эксперименттер орындалды. Біз осындай үлкен мүмкіндік берген IQANAT қорына үлкен алғысымызды білдіреміз. және де IQANAT қоры әр жыл сайын үлкейіп, дамиды деген ойдамыз.