$477.03 €521.44 ₽5.43
×

"Қайта жолығуды жазсын". Ерке Есмахан оқырмандарын ойландырып қойды

AstanaTV
24.06.2024ж. 01:21
23475
"Қайта жолығуды жазсын". Ерке Есмахан оқырмандарын ойландырып қойды

Танымал әнші Ерке Есмаханның тұңғышы Мүсілім Ұлыбританияға білім алуға аттанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Әнші отбасының уақытша жан-жаққа тарап жатқанын айтты.

"Бүгін үйде у-шу, бәріміз жан-жаққа жол тартып жатырмыз. Аллаға сансыз шүкір. Алла амандық беріп, шаңырағымызға қайта жолығуды жазсын. Жолымыз болып, жақсы демалыс керемет эмоциялармен оралайық.Үлкен ұлымызды шығарып салдық. Аллаға аманат. Білім алып, зейінің ашылып, Ұлыбританияның мәдениетімен танысып кел. Біз сені қатты жақсы көреміз.Енді мына бала ата-әжесіне ұшайын деп отыр", - деп жазды ол.