Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясында қаланың басты су айдындарының арнасы тазартылды. Шараға 154 мыңнан астам қала тұрғыны, сондай-ақ 6000-нан астам өндірістік және кәсіпкерлік нысаны мен 600-ден аса әлеуметтік мекеменің ұжымы жұмылдырылды. Акция барысында 8 мың шақырымнан астам көше, 9 мың шақырым тротуар және 724 шақырым суару жүйесі, каналдар мен арықтар тазартылды. 6 жарым мың тонна қоқыс шығарылды. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолдарын сырлау және жол жиектерін тазалау жұмыстары жүргізілді. Жыл басынан бері 1 миллионнан астам қызғалдақ егілген. Акцияға қатысушылар қаланың тазалығы ең негізгі басымдық екенін және әрбір тұрғын оны қолдауға белсенді қатысуы керек екенін атап өтті.
Бауыржан ҚАЛДЫБАЕВ, ҚАРАТАУ АУДАНДЫҚ КОММУНАЛДЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Апта сайын осындай тазалық акциясын ұйымдастырып жатырмыз. Бұл ауданымыздың бірнеше жерлерінде, қоқыс үйінділері жиналған жерлерінде әсіресе, сонымен қатар биыл шөп қалың өсті. Соған байланысты шөп ору жұмыстарын, тал қырқу жұмыстарын, сыпыру жұмыстарымен айналысып жатқан мекемелермен бірігіп бұл акцияны жалғастырудамыз. Бұл акция аясында апта сайын осындай тазалық жұмыстарын ұйымдастырудамыз.