Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Жамбыл облысында 7 бірдей сарбаз көшкіннен көз жұмған әскери бөлімнің командирі мен штаб бастығы қызметінен босатылды

Жамбыл облысында 7 бірдей сарбаз көшкіннен көз жұмған әскери бөлімнің командирі мен штаб бастығы қызметінен босатылды

Жамбыл облысында 7 бірдей сарбаз қар көшкіннен көз жұмған әскери бөлімнің командирі мен штаб бастығы қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров мәлімдеді. Ал Үкімет отырысында Қорғаныс министрі марқұмдардың отбасына 4-тен 7 млн теңгеге дейін қаржылай көмек берілетінін айтты. Сәкен Жасұзақов қайғылы жағдайға аномальды табиғи апат себеп болғанын хабарлады. Өйткені Көксай тау шатқалында әскери бөлім 14 жыл жаттығу жүргізіп келген. Бірақ мұндай қар көшкіні ешқашан тіркелмеген. Дегенмен, министр апат болған күні қар көшкіні туралы ескерту болмағанын айтты.

Сәкен Жасұзақов, ҚР Қорғаныс министрі:

Төтенше жағдайлар мен Қазгидрометтен су тасқыны, жауын-шашын түсетіні туралы ескерту болды. Ал бірақ қар көшкіні туралы мәлімет болған жоқ. Оқтүстік Қазақстан облысы бойынша ғана болды. Сондықтан тергеу органдары бұл мәселені зерттеп, мән-жайды анықтайды деп ойлаймын. 

Естеріңізге сала кетсек, 17-ші ақпанда Жамбыл облысы Жуалы ауданының Көксай шатқалында оқу-жаттығу кезінде қар көшкіні болып, 20 шақты сарбаз қар астында қалды. 7 сарбаз қаза тапқан болатын. Олар кеше жер қойнына тапсырылды.