$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматы ауданындағы "қар полигоны" қоқыстан тазартылды

26.06.2024ж. 20:00
572
Алматы ауданындағы "қар полигоны" қоқыстан тазартылды

Бас қаладағы қар полигоны қоқыстан тазартылды. 100-ден астам адам Алматы ауданындағы аумақты артық қалдықтардан тазалады. "Сәтті сәрсенбі" акциясына "Жасыл ел" жобасы мен қала жастары қатысты. Айта кетейік, "Таза Қазақстан" жалпыұлттық шарасы аясында Алматы ауданында 3000-нан аса ағаш егіліп, 15 мың тонна қоқыс шығарылған. 

Нұрмат АБДРАИМОВ, АЛМАТЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

“Таза Қазақстан” экоакциясы аясында “Таза дүйсенбі” және “Сәтті сәрсенбі” қылып аптасына екі рет осы экоакцияны өткізіп отырамыз. Мына қала тұрғындарымен және қонақтарымен.

Ерлан АЙДАР, ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

“Жасыл ел” сарбаздары экологиялық акция аясында қала маңындағы гүлзарларды, парк, сонымен қатар мектеп аумақтарын тазалау жұмыстарын осы жазғы еңбек маусымында жүргізіп отырады.