Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

2018 жылы жәрдемақы мөлшері 16% артады

AstanaTV
21.02.2017ж. 20:00
3925
2018 жылы жәрдемақы мөлшері 16% артады

Жаңа әдістеме бойынша есептелетін ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы мен базалық зейнетақы мөлшері 16 пайызға көтеріледі.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің алқа отырысында Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Жалпы осы мақсатта келесі жылдың екінші жартысында мемлекет бюджетінен 147 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Жиында біріңғай зейнетақы қорымен шарт жасаспай жұмыс істеп жатқан 1 миллионға жуық азамат бар екені белгілі болды.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Жыл сайын біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 600 миллиард теңге түседі. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда екі есеге көп. Бұл ретте жалдамалы жұмысшалардың үлесі жоғары. Ендігі кезекте біз 10 наурызға дейін республика көлемінде жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып, тұрғындардың жұмыспен қамту жайын тағы да пысықтауымыз қажет.