$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматы облысында үш ай бұрын жоғалып кеткен 3 жасар қыз әлі табылмай жатыр

26.06.2024ж. 20:00
395
Алматы облысында үш ай бұрын жоғалып кеткен 3 жасар қыз әлі табылмай жатыр

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында жоғалып кеткен 3 жастағы қыз әлі табылған жоқ. Ол 17 наурызда үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Бүлдіршінді іздеуге полицейлер мен еріктілер, қала тұрғындары түгел атсалысуда. Тікұшақ пен дрон да жұмылдырылды. Алайда, баланы көрдім деген бір адам жрқ. Қазір Алматы облыстық Полиция департаменті із-түзсіз жоғалып кеткен Айя Софияға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталғанын мәлімдеді. 

Меруерт МОРЯКОВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Полиция қызметкерлері жұртшылықты және еріктілерді тарта отырып әлі іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.