Негізгі / Жаңалықтар / Қазақ тілін цифрлық жүйемен оқыту дамып келеді

Қазақ тілін цифрлық жүйемен оқыту дамып келеді

Енді «Абай жолы» романын смартфон арқылы онлайн режимде тыңдауға болады. Бұл туралы мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев айтты. Қазақ тілін цифрлық жүйемен оқыту барысында «Менің Қазақстаным», «Қазақстанның ұлы тұлғалары», «Кім білгіш?» сияқты мобильді қосымшалар ашылған. 


Ал тұңғыш қазақша тегін оқытатын «soyle.kz» порталында скайп арқылы тіл үйрету басталған. Қазір аталған сайтта әлемнің 140 мемлекетінен 53 мың адам тіркеліп, қазақ тілін үйреніп жатыр. «Тіл үйрететін жер жоқ деген сылтау ғана, қазірдің өзінде сайттың мобильді қосымшаларын 30 мыңнан астам жүктеп алған», - деді Азат Шауеев. Ал бұдан былай «Абай жолын» кез-келген жерде тыңдауға болатынын айтты.

Азат Шауеев, Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры:

«Абай жолы» романын онлайн режимде тыңдауға болады, оқымай-ақ. Мобильді қосымшасы бұл. Қосып аласыз да, кез-келген жерде, көлігіңізде, кептелісте тұрғанда романды басынан-аяқ тыңдап отырасыз.