$472.57 €508.34 ₽5.4
×

Олжас Бектенов Кіші Аралдың жағдайын тексерді

27.06.2024ж. 20:00
310
Олжас Бектенов Кіші Аралдың жағдайын тексерді

Солтүстік Арал теңізіне жыл басынан бері 1,5 млрд текше метр су келді. Қазір су айдынының көлемі 21 млрд текше метр. Премьер-Министр Олжас Бектенов Қызылорда облысына жасаған жұмыс сапары аясында Кіші Аралдың жағдайын тексерді. Ол Мемлекет басшысының Кіші Аралды сақтау және дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысымен танысты. Үкімет басшысы жер асты суларын ұтымды пайдалану мақсатында Су ресурстары және ирригация министрлігіне жер асты көздеріне зерттеу жүргізуді міндеттеді. Cонымен қатар Олжас Бектенов Байқоңырдың даму жоспарымен танысып, «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенінің құрылыс қарқынын тексерді. Жұмыстың аяқталу мерзімі 2028 жылдың мамырына жоспарланған. Ал алғашқы ұшу сынақтарын 2025 жылы бастау жоспарланып отыр. Кешеннің жылына 6-8 зымыран ұшыруға мүмкіндігі бар.