$439.37 €498.6 ₽5.22

Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

AstanaTV
30.09.2026ж. 00:38
Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады
фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттері үш күнге жабылады, деп хабарлайды  AstanaTV.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратынша,  Қытай Халық Республикасының құрылған күніне байланысты 1, 2 және 3 қазан күндері адамдар, көлік құралдары мен жүктер шекара арқылы өткізілмейді.

Бұл ретте теміржол өткізу бекеттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.