«Қазақстандық
ғалымдар патенті сұранысқа сай емес. Тіпті ғылыми еңбектердің плагиат болып
шығатыны қынжылтады». Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдығының салтанатты жиынында Президент осылай деді. Ғылымды
дамыту үшін инновацияға мән беру керек. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы
саласында өнім өндіруде ғылымға негізделген кәсіпорындардан үлгі алуға шақырды.
Нұрсұлтан
Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Ғылымды
қаржыландыру әлі де негізінен мемлекет есебінен жүргізіліп жатыр. Экономиканың
нағыз қажетті секторына тапсырыстар жоқтың қасы. Болса да, өкінішке орай, ондай
ғылым жұмыстардың өзгеден ұрланғаны көрініп тұрады. Мысалы, Сингапурда
мынадай ереже бар: үкімет ғалымға қажетті қаражатты береді, бірақ оның
жаңалығынан бизнес тура сондай табыс табуы тиіс. Әрине, Үкімет ғылымға
көмектесуі керек. Есесіне патенттелген өнімді шығаруға тартылатын жеке
инвестиция да пайда әкелсін.
Ришат
АСҚАРБЕКҰЛЫ