Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел теннисінен жарыс өткізді

AstanaTV
21.02.2017ж. 20:00
2453
«Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалы мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел теннисінен жарыс өткізді

Қостанайда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел теннисінен облыстық жарыс өтті. Спорттық шараға аймақтағы «Үміт» қоғамдық бірлестігі мен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы мұрындық болды. Осымен екінші рет ұйымдастырылған жарысқа отызға тарта адам қатысты. Олар сегіз категория бойынша сайысқа түсті. Турнирде республикалық жарыстардың жүлдегерлері де өз деңгейлерін көрсетті. Мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен шұғылдануына «Үміт» қоғамдық бірлестігі үлес қосып келеді. Қостанайдағы бірлестік Ресейден жаттықтырушы да алдыртқан. Спорттық сайыс жеңімпаздары билік партиясы тарапынан марапатталып, алтыннан алқа тақты. «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы спорттық-мәдени шаралармен ғана шектелмей, мүмкіндігі шектеулі жандарға үнемі қолдау көрсетуге бағытталған, - дейді өңірлік филиал өкілдері.

Олжас Дүйсеков, «Нұр Отан» партиясы  ҚОФ саяси жұмыстар бөлімінің кеңесшісі:

Мүмкіндігі шектеулі азаматтармен бұл жұмысты одан әрі жалғастыратын боламыз. Өйткені біздің жобамыз «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ұйымдастырылып отыр. Жоба бойынша тек ғана мәдени-спорттық шаралар ғана емес, осы кісілердің проблемаларын көтеретін көптеген маңызды іс-шаралар өткіземіз.

Нұрзия  Сақытбаева, жарысқа қатысушы: 

Өзім жаман ойнаған жоқпын деп ойлаймын. Бірақ әлі де жетістіктерге жету керек. Жаттығуға барып жүргеніме екі-ақ жыл болды. Жаңадан келген жаттықтырушының арқасында жақсы ойнайтын болдым.