$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Көктемгі маусымда құстарды атуға тыйым салынды

AstanaTV
22.02.2017ж. 20:00
4166
Көктемгі маусымда құстарды атуға тыйым салынды

Ақпаннан бастап 14-ші маусымға дейін елімізде құс атуға заңды түрде тыйым салынды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Орман және жануарлар әлемі комитеті төрағасы қызметін атқарушы Марлен Айнабеков мәлімдеді.

Мұндай қадамға барудың бірден бір себебі, құстар популяциясының күрт азаюы болып отыр. Соңғы төрт жылда аңшылар екі миллионға жуық құсты атып алған. Сондай-ақ өткен жылдың өзінде 678 браконьерлік факт тіркеліпті.
Аңшылық заңын бұзғандар әкімшілік жазаға тартылады. Алайда айыппұл мөлшері нақтыланбаған. Комитет басшысының айтуынша, ол атылған құстың санына байланысты 45-50 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Көктемгі мезгілде құстарды атпау туралы заңнама әзірге үш жылға енгізілді. Ал күзгі маусымда тыйым салынбайды.

Марлен Айнабеков, ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы:

Көктемде құстар балапандайды. Көктемде ұялайтын уақыттары болады. Оған қатты әсер еткеннен, біз осы құс аулауды көктем уақытында азайтып отырмыз.