Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Конституциялық реформа ел арасында қызу талқыланып жатыр

AstanaTV
22.02.2017ж. 20:00
2403
Конституциялық реформа ел арасында қызу талқыланып жатыр

Жаңа конституциялық реформа ел арасында қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес отырысы барысында айтылды. Сондықтан бірінші орында халықтың көкейкесті сауалдарына жауап беріп, жаңа заңның тиімділігін іспен дәлелдеуіміз керек, дейді олар. Өз кезегінде аталмыш реформа Парламент Мәжілісінің рөлін арттыруға септігін тигізіп, халықпен де байланыс артады деген сенім бар.

Анар Жаилғанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясы:

Халық өзі партияларды сайлайтын болса, осы бірнеше парламентке кірген партия мемлекеттің жалпы жұмысына ғана емес, бірден бір Үкімет жұмысына әсерін тигізе алады. Сондықтан біз халық сайлаған депутат болғандықтан, біздің арамыздағы қарым-қатынас арта түседі деп ойлаймын.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясы:

Қарапайым саясатқа қатысы жоқ адамдардың өзі осы Конституцияға кіргізетін өзгерістерге байланысты мәселелерді қозғап отыр. Солардың төңірегінде бірсыпыра әңгімелер көтеріліп жатыр. Оның бәріне біз жауабымызды беруіміз керек.