Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / «Нұр Отан» партиясының хатшысы ақтөбеліктерге Жолдауды жан-жақты түсіндірді

«Нұр Отан» партиясының хатшысы ақтөбеліктерге Жолдауды жан-жақты түсіндірді

«Оқушылардың білімге, жаңа технологияға деген құлшынысы ерекше!» Ақтөбелік ұстаздармен және мектеп шәкірттерімен кездескен «Нұр Отан» партиясының хатшысы Зауытбек Тұрысбеков осылай деді.

Партия хатшысы өңірге Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында барған. Білім ошағанда өткен кездесуде «Мәңгілік ел» идеясының маңызы жөнінде де әңгіме өрбіді. Саяси ұйым өкілі әсіресе, адами капитал сапасын жақсартуды жіті назарда ұстау қажеттігін айтты. Еркін әңігімелесу түрінде өткен кездесуде оқушылар өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды. Іс-шараға 300-ден астам адам қатысты.

Айта кетелік, «Нұр отан» партиясының хатшысы бұған дейін облыс жастарымен, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен және еңбек ардагерлерімен де жүздескен болатын.

Зауытбек Тұрысбеков, «Нұр Отан» партиясының хатшысы:


Қазір IT-технология, нанотехнологияға кіріспесек, Елбасы тапсырмасы бойынша, біз басқа салаларда өсе алмаймыз. Сол себепті, көпшілік юрист, экономист боп кеткенін білесіздер, олардың көбі жұмыссыз жүр. Осы кездесуден кейін балалар айтады «толқып отыр едім, кім боламын деп, енді білдім, мен инженер боламын» дейді».