Елімізде биыл мың мектеп жаңғыртылады. Шағын қалалар мен ауылдардағы білім ошақтарын жаңарту Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Осылайша қала мен ауыл мектебі арасындағы алшақтықты азайту көзделген. 712 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 1000-ға жуық пәндік кабинет сатып алынады. Сондай-ақ жиһаз, асхана және кітапханалар жөнделеді. Нәтижесінде 366 мың оқушы үшін білім алу мүмкіндігі жақсарады.