$458.85 €503.5 ₽5.59

Сәттібаеваға сәттілік жетіспеді

Сәттібаеваға сәттілік жетіспеді
Олимпиада комитеті

Қазақстандық боксшы Әйгерім Сәттібаева Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шыға алмады.

Бұрымды боксшымыз 48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Номундари Энх-Амгаланмен (Моңғолия) кездесті.

Үш раундтың қорытындысы бойынша моңғолиялық боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетті. Ал Әйгерім Сәттібаева жарысты қола жүлдемен аяқтады.