$476.27 €515.47 ₽5.41
×

Атлант мұхитынан 89 мигранттың мәйіті табылды

AstanaTV
05.07.2024ж. 12:30
168
Атлант мұхитынан 89 мигранттың мәйіті табылды

Мавританияның жағалау күзеті дүйсенбіде Атлант мұхитынан 89 адамның денесін тауып, 9 адамды құтқарды, қалғаны із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасай отырып.

Тірі қалғандардың айтуынша, өткен аптада 170 адам қайыққа мініп, Сенегал-Гамбия шекарасынан шыққан. Қайық Мавританияның оңтүстік-батыс жағалауында аударылған.

Мавритания Батыс Африкадан Еуропаға ағылатын мигранттардың негізгі транзит пункті болып саналады. Былтыр мыңдаған қайық осылай Еуропа шекарасына аттанған. Жақсы өмірге жеткісі келген адамдар ештеңеге қарамастан адам толы қайықтарға сығылыса мініп, басын өлімге тігеді. Осы қауіпті сапардың негізгі нүктесі Испаниядағы Канар аралдары. Испан билігінің мәліметінше, былтыр 40 мың мигрант жеткен.

Ca-minando Fronteras қайырымдылық ұйымының дерегінше, 2024 жылдың бес айында Испанияға мұхит асып жету жолында 5 мың мигрант қаза тапқан.

Сәуір айында ЕО Мавританияға 210 млн еуро қаражат бөлген, оның 60 млн еуросы заңсыз миграциямен күреске арналған.