$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"Таза Қазақстан" акциясы аясында Атырауда өзен жағалауы160 тонна топырақ пен қапшықтан тазартылды

05.07.2024ж. 20:00
340
"Таза Қазақстан" акциясы аясында Атырауда өзен жағалауы160 тонна топырақ пен қапшықтан тазартылды

"Таза Қазақстан" акциясы Атырау облысында жалғасуда. Тазалық шарасына депутаттар, қоғам белсенділері және жастар белсенді атсалысты. Олар Жайық жағалауындағы "Жастар паркінен" бастап, облыстық әкімдік ғимаратына дейін тазалау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде қаладағы жағалау бойын 160 тонна топырақ пен қапшықтан тазартты. Шараның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тұрғындардың табиғатты қорғауға деген жауапкершілік сезімін арттыру. Айта кетейік, жастардың тазалық жұмыстарына ынтасын арттыру мақсатында қоқыс жинауды квест форматында ұйымдастырылды. Яғни, ең көп қоқыс жинаған үздік қатысушылар анықталды. Сондай-ақ "Таза жағалау", "Таза ауыл", "Таза аула", "Таза көшелер" аталымдары бойынша жеңімпаздар да анықталды. 

Абылай ҚҰРМЕТҰЛЫ, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жастар паркі Атырау облысындағы ең көп өзінің бос уақытын өткізетін демалыс орындарының бірі. Сондықтан да біздің бұл жерден бастауымыздың негізігі мақсаты тегін емес деп айтқым келеді. Осы жерді біз тазалау арқылы қаланың көркеюіне өз үлесімізді қосамыз. Жастардың осы жерге келуі жалпы құлшынысы жоғары десек болады.