$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Тасқын болған өңірлердегі балалар саяхат пойызымен Қазақстанның көрікті жерлерін аралайды

05.07.2024ж. 20:00
320
Тасқын болған өңірлердегі балалар саяхат пойызымен  Қазақстанның көрікті жерлерін аралайды

Елордадан «Туған елге саяхат» жазғы танымдық-туристік пойызы жолға шықты. 12 күн бойы балалар Астана, Бурабай, Алматы, Тараз, Түркістан және Байқоңырдағы танымал мәдени-тарихи орындарды аралайды. Бұл шараға су тасқыны болған өңірлерден және «Самұрық-Қазына» қорының өңірлердегі өндірістік кәсіпорындарынан 400 бала қамтылған. Сонымен бірге қатысушылар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына үн қосып, сапар бойы салауатты өмір салтын қалыптастырады. Жас саяхатшылар жазғы демалысын пайдалы өткізуге мүмкіндік алды. 

Нұрлан ЖАҚЫПОВ «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА » АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Бұл жобаға біз ең дарынды,ең талантты су тасқынынан зардап шеккен өңірлерден балаларды таңдадық."Таза Қазақстан" акциясы шеңберінде біз оларға тиісті тренингті өткіздік.Сондай-ақ олар "Таза Қазақстан" акциясын жүзеге асырады.