$477.03 €521.44 ₽5.43
×

Павлодарда бозбала із-түссіз жоғалып кетті

AstanaTV
05.07.2024ж. 23:00
212
Павлодарда бозбала із-түссіз жоғалып кетті

Ол үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен еді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Lider.kz» еріктілер жасағы баспасөз қызметінің мәліметінше, жоғалған бала – 2008 жылы туған Темірлан Досов.

– Ол 3 шілде күні сағат 9:00-де Толстой көшесі, 103-үйінен шығып кетті. Бойы 150 сантиметр, дене бітімі арық, шашы қара түсті, өсіп кеткен. Үстінде артқы жағында «Қазақстан» деген жазуы бар көк түсті спорттық костюм, аяғында сұр түсті кроссовка, – делінген хабарламада.

Еріктілер барлық ақпарат иелерін +7(777)435-57-58, +7(747)917-54-17 немесе 102 нөмірі бойынша хабарласуды сұрайды.