$478.58 €520.84 ₽5.44
×

Қостанайда су тасқынынан зардап шеккен 95 отбасы баспаналы болды

05.07.2024ж. 20:00
1267
Қостанайда су тасқынынан зардап шеккен 95 отбасы баспаналы болды

Қостанай билігі тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың үй мәселесін оңтайлы шешіп жатыр. Қазіргі күні 95 отбасы баспаналы болды. Людмила Говришконың үйін су басып, баспанасыз қалған. Комиссия қара шаңырақты қайта жөндеуге келмейтінін анықтапты. Қала тұрғыны жергілікті биліктің ұсынысын қабылдап ,жаңа қонысқа көшуге келісіп отыр.Ол енді «Қонай» шағын ауданында салынып жатқан жаңа үйге қоныстанады.

Людмила ГОВРИШКО,ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Аударма: Жаңа үй деген соң бірден келістім.Жаңаның аты жаңа ғой.Күн сайын келіп, үйлерді қарап жүрмін.Өте сапалы салып жатыр.

Қостанай қаласы бойынша 222 үйге техникалық зерттеу жүргізілді. Оның елу екісі саяжай аумағында. Комиссия шешімімен 113 баспананы қайта қалыпқа келтіруге қаражат бөлінді.Ал Қонай шағын ауданында бой көтерген 14 үй тамыз айында қолданысқа беріледі. 

 Олжас ДҮЙСЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

109 үйдің ішінен 95 адам жалпы өздеріміз сатып аламыз деп шешім қабылдады.Он төрті Қонай шағын ауданынан жаңадан салынып жатқан үйлерге кіреміз деп шешкен болатын.Жиырмасыншы шілдеде құрылыс жұмыстарын аяқтаймыз деп шешіп отырмыз.Ал толығымен адамдар тамыздың біріне қарай қоныстанады.