$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астана күні еліміздің әр өңірінде тойланды

09.07.2024ж. 20:00
437
Астана күні еліміздің әр өңірінде тойланды

Астана күні еліміздің барлық өңірінде ерекше атап өтілді. Бас қалаға арналған мерекені қызылордалықтар жылы қарсы алды. Сән-салтанаты үйлескен мәдени кеш өтіп, көпшілік өнерпаздар тартуына қарық болды. Ал Ақтөбеде гірді ерекше әдіспен көтеруден сайыс өтті. Бұл чемпионат елімізде "Астана күніне" орай алғаш рет өткізіліп отыр. Шарада гірді өзгеше тәсілмен 20 реттен артық көтерген жігіттер арнайы сыйлықтарға ие болды.

Ерлан ОТАРБАЕВ , ЧЕМПИОНАТТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Білегінде күші бар жігіттің барлығы қатыса алады. Ауылдан мал бағып жүрген жігіттер келіп жатыр. Қазақстанның түпкір-түпкірінде дамып, жан-жақтан маған жіберіп, белгілеп, қызығушылық танытып, қолдағаннан кейін неге республикалық деңгейде бірден ұйымдастырмасқа деп сол іске асып жатыр.

Мария КИІКБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ :

Елімізде Астана күні тойланып жатыр. Бар қалаларда тойланып жатыр. Сонымен қатар біздің Қызылордамызда да балаларымызды ертіп қалалық паркке келген едік. Концерт тамашалық, өте қызықты болды. Өте тамаша болды. Кешікілік балаларымыз қуанып.

Елорда күнін қостанайлықтар да елеусіз қалдырмады. Тобыл жағасында той болып, қос ішектен шыққан күй өлкенің көгіне әуеледі. Бір ай бұрын басталған игі шара "Астана күнінде" мәресіне жетті. Оған 3500-ге жуық домбырашы қатысты. Думанды кештерді аймақтың он бес мың тұрғыны тамашалады.

Мәди НҰРМҰХАМБЕТОВ, Е.ӨМІРЗАҚОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ ДИРЕКТОРЫ :

Бүкіл Қостанай облысының әр домбырамен айналысатын үйірмелерден 310 бала жиналып және де біздің өзіміздің Қостанай облыстық филармонияның 45 ұжымынан құрылған оркестрмен бірге қосып үлкен концерт беріп жатырмыз. Барша Қостанайлықтар келіп тамашалап жатыр.