$546.36 €630.44 ₽6.7
×

Қытайда валюта қорының қысқаруы тежелді

AstanaTV
09.03.2016ж. 20:00
1789
Қытайда валюта қорының қысқаруы тежелді

Қытайда ұлттық ақша юань бағамының нығаюы елдегі валюта қорының қысқаруын тежеді. Бұл жөнінде Bloomberg агенттігі хабарлайды.  Ақпан айының көрсеткіштері бойынша Орталық банктегі валюта қорының көлемі  28,6 млрд АҚШ валютасына дейін қысқарған. Сарапшылар мұнан да үлкен шығындарды күткенін жасырмайды.  Салыстырмалы түрде қаңтар айында валюта резерві 99 млрд көк қағазға дейін құлдырапты. "Қаржы рыногы ақпан айында тұрақтанып, трейдерлердің юаньға деген сенімі артты", - дейді DBS Group Holdings Ltd қаржыгері  Натан Чоу.

Еске салайық, 2015 жылы Қытайда ұлттық банктің валюта қоры 500 миллиардқа дейін қысқарып, 1992 жылдан бері тіркелмеген рекордты көрсеткіштерге дейін құлдырады. 

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА