$478.58 €520.84 ₽5.44
×

Дәрі-дәрмектің бағасы 12% ға өсті

10.07.2024ж. 20:00
126
Дәрі-дәрмектің бағасы 12% ға өсті

Дәрі-дәрмектің бағасы жыл басынан бері 12% қымбаттаған. Биыл қаңтар-мамыр айларында елімізде 70,9 млрд теңгенің дәрілік заттары өндірілген. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 15,8% ға артық. Статистикаға қарасақ, фармацевтика саласындағы жетістігіміз керемет. Алайда дәріханалардағы баға неге қалтаны қағады? Тілшіміз зерделеді.

Шынар Исақова дәріханаға жиі барады. Аяғы ауыр келіншек қажетті дәрумен алудың өзі қазір қиын екенін айтады.

Шынар ИСАҚОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Дәрілер өте қымбат. Екі қабат әйелдер ондай ала алмаймыз ғой қымбат. Жаңа аптекаға кірдік витамин сұрадық 28 мың деді. +Бір аптекаға кіргенде 25-30 мың тг кетеді. Ауырсаң одан көп жұмсайсың.

Дәрі-дәрмектің бағасына тек Шынар емес, көп адам наразы.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Иә күнде барамын дәрілерге. Міне, жаңа 12 мыңға дәрі алдым.
- Өте қымбат қазір дәрі.

Экономист Сапарбай Жұбаевтың айтуынша дәрілердің бағасының өсуіне инфляция себеп. Бұл проблеманы шешу үшін шетелден келетін өнімдерге салықты көбейту қажет. Сонда өзімізде өндіріліп жатқан өнімге қолдау көрсете аламыз дейді.

Сапарбай ЖҰБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:

Егерде біз шетелден келетін дәрілер арзан бола берсін дейтін болсақ, біздің халқымыз Ресейдің басқа елдердің дәрі-дәрмегіне көбірек жүгінеміз да сол кезде біздің халық көбірек дәрі шығармайтын болады. Сондықтан біз өзіміздегі дәрілерді қолдау үшін азғантай да сол шетелден келетін дәрілерді көтеріп тұруымыз қажет.

Ал медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті 6860 дәріге шектік баға қойылғанын айтады. Дәріханалардағы бәсекелестікті арттыру үшін 302 тауар қайта реттелуге жіберілген.

Асия МОЛДИМАНОВА-ҚР ДСМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Министрлік тарапынан 300-ден астам дәрілік тауар қайта реттелуге жүргізілді. Ол мынау дәріханалардың арасындағы бәсекелестікті байқау үшін. Мысалы 302 дәріге шектік баға алынып тасталды. Сол бойынша да осы 302 дәрі бойынша да бізде анализ жүргізіліп отырады. Қаншалықты өсіп жатыр. Қаншалықты кеміп жатыр. Сол анализ бойынша айтылуы мүмкін 12% өсті деп.

Айта кетейік, Қазақстан биыл 6,5 мың тонна дәрі-дәрмек импорттаған. Оның ең көбі Қытайдан жеткізілген.