$484.19 €524.28 ₽5.03
×

Қостанайдағы Қонай шағын ауданы тұрғындары жаңа үйдің сапасына шағымданды

10.07.2024ж. 20:00
271
Қостанайдағы Қонай шағын ауданы тұрғындары жаңа үйдің сапасына шағымданды

Қостанайдағы Қонай шағын ауданындағы жаңа үйдің қабырғасы жарылып, едені опырылып жатыр.Көпқабатты үй бір жыл бұрын әлеуметтік осал топқа жататын отбасыларға берілген. Сапасыз салынған арендалық баспананы кім жөндейді? Тұрғындар талабын кім орындайды? Сан сауалға Заңғар Санай жауап іздеді.

Көпқабатты үйден пәтер алған адамның сексен пайызы -әлеуметтік осал топ өкілдері. Руслан Қонақбаев бұл баспанаға қол жеткізу үшін он төрт жыл кезекте тұрған. Сан жылдар сарылып күткен үйдің сапасы нашар.Қыста суық.Жазда төбеден жаңбыр тамшылайды, дейді ол.

 Руслан ҚОНАҚБАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жаңа пәтер болса да күрделі жөндеу керек. Қыста суық. Жаңбыр жауса су ағады. Шатырын жөндеу керек. Жауапты мекемелердің барлығына жеткіздік.Бірақ бізді ешкім елеп жатқан жоқ.

Уәлихан НҰРҒАЛИЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Қыста төбеге шыққан кезде мұз жатыр да кәдімгідей. Канализация дұрыс істелмеген. Бәрі қатып қалған ғой.Слсын біз сантехник жалдап, бәрін өзіміз шығардық. Жаңбыр жауғанда төбе ағып жатыр.Қабырғалар жарылып жатыр.

Тұрғындар «Дала қырандары» жастар бірлестігіне жүгініпті.Қоғам белсенділері тұрғын үй түйткілін жоғары жаққа жеткізер деп үміттенеді. Өйткені бұған дейін талай мекеме табалдырығын тоздырған.

Нұрбол СЕЙІТҚАЛИЕВ, «ДАЛА ҚЫРАНДАРЫ» ЖАСТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ :

Тұрғындардың барлығы айтып жатыр.Біз бүкіл госоргандарға арыз жаздық дейді.Хат жаздық дейді.Бірақ ешқандай жауап,ешқандай жұмыс та атқарылмаған, жауап та берілмеген. Бізге енді айтақна шағымдары бар ғой. Сол бойынша біз мемлекеттік органдарға қағаздар жібердік.Қандай тексеріс болып жатыр?

Шаһар билігі шағын аудандағы проблеманы жақсы біледі. Тіпті осы үйлерді салған мердігермен соттасқалы отыр екен. Мәселе біздің назарымызда болады.