$474.83 €518.99 ₽5.4
×

Биыл алғаш рет елімізде ветеринария қызметкерлерінің күні аталып өтілуде

10.07.2024ж. 20:00
250
Биыл алғаш рет  елімізде ветеринария қызметкерлерінің күні аталып өтілуде

Биыл елімізде алғаш рет "Ветеринария қызметкерлерінің күні" аталып өтілуде. 10 шілде кәсіби мереке болып бекітілді. Әлемнің бірқатар елінде бұл мереке жыл сайын сәуірдің соңғы сенбісінде тойланады. Атаулы күн жануарлардың денсаулығы мен жануарлардан алынатын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баға жетпес үлес қосатын ветеринарлық мамандардың еңбегінің маңыздылығын атап өтуге арналған. Бүгінгі таңда республика аумағында ветеринар саласында қызмет атқаратын 20 мыңға жуық маман бар.

Марат МҰХТАРОВ, ҚР АШМ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

Ветеринария мамандары үшін бүгінгі күннің атаулы бір маңыздылығы болып отыр.Біздің сала кәсіби мереке болып арнайы тізімге кіріп отыр. Бұл салада жұмыс жасайтын,қызмет атқаратын ветеринар мамандардың жауапкершілігі өте жоғары.Аса қауіпті ауыруларға қарсы іс -шаралар жүргізеді.Еліміздің экономикасына өз үлестерін қосып жатқан осы ветеринар мамандары.

Жақсылық АЛИХАНОВ, ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНЫҢ МАМАНЫ:

 Бұл күн, 10 шілде - ветеринария туралы заңның қол қойылған күні.Шығарылған күніғой!Осы күнді атап өтіп жатыр.+ Биыл арнайы бекітіліп кәсіби мерекелер тізіміне енгізіліті.Оны естіп қуанып жатырмыз.Енді ветеринария саласыда қызығы да қиындығы көп шаруашылық.