$474.83 €518.99 ₽5.4
×

Ерекше қажеттілігі бар 34 бала мамандық меңгерді

10.07.2024ж. 20:00
252
Ерекше қажеттілігі бар 34 бала мамандық меңгерді

Дамуында өзгерісі бар балалар 5 айда мамандық меңгерді. Аутизм және басқа менталдық бұзылыстары кездесетін 30-дан астам жасөспірім елорда колледждерінде кәсіптік курстарды аяқтап, куәлік алды. Олар аспаз, кондитер, тігін ісі және сәндік-қолданбалы өнерді үйренген. Аталмыш жобаны «Болашақ» қоры Астана қаласы әкімдігінің және «AMANAT» партиясының қолдауымен жүзеге асыруда.

Думан БЕКАНОВ, ЖОБАҒА ҚАТЫСУШЫ, ЖАС АСПАЗ:

Біздікі негізі повар және кондитер деген аспаздық. Сол бойынша бірінші айында тамақтарды қалай кесу керек, соның бәрін үйретеді негізінде. + Өзім де негізі былай үйде, сондай кезде тамақ істеп осы үйренгем көп нелерімді. + Жақында стажировка болады, сол кезде стажировка өтуге барамыз.

Жобаға 13 пен 18 жас аралығындағы 34 бала қатысты. Курстар "Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі" мен "Менеджмент, бизнес және білім колледжінде" өтті. Оқуға аптасына 2 рет барған жасөспірімдер қысқа мерзімде түрлі мамандыққа машықтанды. "Бұл дағдылар болашақта жұмысқа орналасуға дайындайды" дейді жауаптылар.

Динара ГАПЛАН, «БОЛАШАҚ» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осы сынамалы жобаның арқасында біз мектепке дейінгі және орта арнаулы білім беру ұйымдарын қамтитын үздіксіз оқыту жүйесін құрып жатырмыз. Біздің түлектер кәсіпорындарда өз пайдасын тигізе алады деп сенеміз. Бұл олардың әлеуметтенуі мен қоғам өміріне қосылуының маңызды кезеңі болмақ.

Зәуре ҚЫЛЫШБАЕВА, ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ СЕРВИС КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

2024 жылдың 27 ақпанынан бастап біз “Болашақ” корпоративтік қорымен бірге пилоттық жобаға келісімшартқа отырдық. Менталды ауытқуы бар балалар бірінші рет біздің тәжірибемізде. Ал ерекше қажеттілікті қажет ететін балалар, яғни ол жерде даун синдромы бар, жеңіл аутизммен ауратын балалар және де құлақтары ауыр еститін балаларды біз 2020 жылдан бастап оқытып келе жатырмыз.