$474.83 €518.99 ₽5.4
×

«Бірлік керуені» Жамбыл облысынан басталды

10.07.2024ж. 20:00
230
«Бірлік керуені» Жамбыл облысынан басталды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына 2 ай уақыт қалды. Айтулы шарада спорт жарысынан бөлек мәдени әрі ғылыми бағдарламалар да қолға алынған. Жылдың ең маңызды оқиғасы саналатын ойындарды қолдауға және оны халық арасында насихаттау мақсатында «Бірлік Керуені» жобасы басталды. Жамбыл облысы Қордай ауданының Ноғайбай ауылында этноауыл бой көтеріп, 6 киіз үй тігілді. Әр қарыүйде өзіндік ерекшелігімен тақырыбына сай безендірілген. Қазақ күресі, аударыспақ, садақ ату, тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту секілді ұлттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды. Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, концерттік бағдарламаны тамашалады.

Жамбыл облысының мәдениет қайраткерлері бастаған «Бірлік керуені» жобасы еліміздің барлық аймағында ұйымдастырылады.