$478.58 €520.84 ₽5.44
×

Жамбыл облысының жастары «Таза Қазақстан» акциясы аясында Жаңатас қаласын қоқыстан тазартты

10.07.2024ж. 20:00
204
Жамбыл облысының жастары «Таза Қазақстан» акциясы аясында  Жаңатас қаласын қоқыстан тазартты

Жамбыл облысында қазақтың көне салты «Асар» дәстүрі қайта жаңғырды.Белсенді жастар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жауын суы басқан Жаңатас қаласын қоқыстан тазартты. Еріктілер көлбеу ағыннан қалған қоқысты жиып, коммуналдық мекеме қызметкерлеріне көмектесті. 13 көшені су басқан. 47 баспана жарамсыз боп қалды. 6 көшенің асфальт жабындысы қопарылған. Экологиялық акция аясында 150 ерікті селден соң қоқысқа толған арықтар мен көшені, ойын алаңшаларын тазалады. Бір күнде 12,5 тонна күл- қоқыс шығарды. Жалпы акция басталғалы тазалық жұмыстарына 500 мыңнан аса адам атсалысқан. Олар 818 шақырым канал мен арық жүйесін, 4,5 мың шақырым көшені тазартты. 60 мыңға жуық көшет егілген.

Абзал ЕСІРКЕПОВ, ВОЛОНТЕР:

Тек қана Тараз қаласы емес сонымен қатар Жамбыл Байзақ Жуалы Талас аудандарының еріктілері де келіп қосылған болатын. Осындай қиын кезеңде біздің еріктілер назардан тыс қалмай осы өңірге қарай өз қол ұшымызды созуға келдік.