$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Алматы маңында жол апатынан 21 жастағы мопед жүргізушісі қаза тапты

AstanaTV
11.07.2024ж. 18:55
208
Алматы маңында жол апатынан 21 жастағы мопед жүргізушісі қаза тапты

Әлеуметтік желіде қайғылы оқиғаның бейнежазбасы тарады. Онда мопедпен жол апатына ұшыраған жас жігіттің мерт болғаны айтылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы облысының Полиция департаменті айтылған оқиға Алматы маңындағы Тұздыбастау ауылында болғанын хабарлайды.

"Мопедтің қатысуымен жол апаты 10 шілде күні Тұздыбастау ауылында болған. Жүргізуші рульді басқара алмай, мопедтің аударылуына жол берген. Апат салдарынан жүргізуші сол жерде қайтыс болды. Жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Өңір полициясы жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбауға және ҚР Жол қозғалыс ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Көлік жүргізу кезінде басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігі сізге байланысты екенін ұмытпаңыз", - деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.