Батыс
Қазақстан облысында жасөспірімдер арасында суицид азаймай отыр. Енді аталған
дерттің алдын алу ісі жалпы тәжірибелік дәрігерлерге жүктелді. Оларға
полицейлер мен мұғалімдер көмектеспек. Ұстаздар былтыр арнайы бағдарламамен
оқытылыпты.
Облыстық жүйке аурулары орталығынан хабарлағандай, бірлескен жұмыс
арнайы жол картасында көрсетілген. Өмірден баз кешкен жасөрендерді алдымен
мұғалімдер анықтайды. Сосын олар туралы деректерді дәрігерлерге тапсырады.
Емханада психологиялық көмек көрсетіледі. Мамандар бұл бастама алдымен 2014 жылы Қызылорда облысында сыналып, өңірдегі өлім-жітім екі есеге азайғанын
айтады. Дей тұрғанмен, ата-аналардың тарапынан да көмектің қажет екенін
жасырмайды. Балаға қажетті деңгейде көңіл бөліп, олармен әртүрлі тақырыпта ашық
әңгіме құратын ересектер аз екенін айтады.
Лариса
Догорова, БҚО жүйке аурулары орталығы директорының орынбасары:
Суицид
әсіресе жасөспірімдер арасында көп. Егер 2015 жылы осындай 8 оқиға тіркелсе,
былтыр өзіне қол жұмсағандар саны 12-ге жетті. Енді мұндай балалармен айналысу
жалпы тәжірибелік дәрігерлерге жүктеліп отыр. Олар бұл кеселдің себебі мен
белгілерін анықтап, алдын алуға әрекет ету керек.