$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Зират орнатуға қатысты жаңа ережелер енгізілмек

AstanaTV
24.02.2017ж. 20:00
4782
Зират орнатуға қатысты жаңа ережелер енгізілмек

Зират түйе өркешінен биік болмауы тиіс. Мұсылмандар діни басқармасы мен Ғұламалар кеңесі зират орнатуға қатысты жаңа ережелер енгізуде бір байламға келген. «Шариғат бойынша адамның бейнесін қашап, бюст, ескерткіш орнатуға болмайды. Жарты ай бейнеленіп, қайтыс болған адамның аты-жөні, туған жылы мен өлген уақыты жазылады.

Мұхан Ықсан, ҚМДБ ғұламалар кеңесінің мүшесі, дінтанушы:

Біз қазір ҚМДБ-сы, оның ішінде Ғұламалар кеңесі еліміздің батыс өңірінде ескіден сақталған ою-өрнекті сағана тастарды негізгі үлгі ретінде алып отырмыз.

Кесене орнаттың не, орнатпадың не, оның кеудесінен Аллах-Тағалла аманатын алып кетті, рухын алып кетті.

Кейінгі кезде суретін қоюға болмайды деп естіп жатамыз. Бірақ артымызда қалатын ұрпақтарға кейін көрсеткенге, бейітін қалай табуға болатынын білу үшін жаңағы суреті болғаны дұрыс деп ойлаймын.


Ал өлген адамның суреті қашалып, ескерткіш орнатылатын, қымбат тастардан қаланып, зәулім зираттар салынатын елде ғұламалар бәтуәсі орындала ма? Ертең, 20.00-де, «Біздің уақыт» ақпарат-сараптамалық бағдарламасынан арнайы материалды көріңіздер!