2006
жылы шығарылған мың теңгелік банкноталар наурыздан бастап айналымнан шығады.
Яғни төлем құралы ретінде пайдаланылмайды. Бұл туралы Ұлттық банк мәлімет
таратты. Бұған дейін де бас банк ескі мың теңгеліктің айналымнан шығатынын
хабарлаған еді. Ақшаны жаңасына айырбастап үлгермегендер қайтеді? Тілшіміз
білді.
Ұлттық
валютаның кейбір номиналдарын айналымнан алу туралы бастама былтыр көтерілген
болатын. Содан бері 2006 жылғы мың теңгеліктер айналымнан алынатыны айтылып
жүр. Ол беткі жағында бәйтеректің суреті бар ақша. Ал жаңасы және естелік үшін
шығарылған мың теңгеліктер айналымда қалады. 2006 жылғы шығарылған
банкноталардан тек 200 және 500 теңгелік қалады.
Тоғжан
Әбішева, ҚР ҰБ қолма қол ақшамен жұмыс бөлімінің жетекшісі:
2017 жылдың бірінші
наурызынан бастап, егер де қандайда бір себептермен бұл купюралар қолыңызда
қалса, оны екінші деңгейлі банктер мен ұлттық банктің филиалдарында бір жыл
ішінде айырбастап аласыз. Сосын 2021 жылдың ақпан айына дейін Ұлттық банктің
кез-келген бөлімшесінде айырбас жасауға болады.
Ұлттық банк мұны жалған ақшалардың алдын алу үшін 6-7 жыл сайын ауыстырып
отырады. Бірақ ескі мың теңгеліктің енді төлем құралы ретінде
пайдаланылмайтынын жұрттың бәрі білмейтін болып шықты.
В
первый раз слышу. Есть свои плюсы и минусы. Минусы, конечно, все привыкли к
старым банкнотам, а плюсы - в любом случае надо развиваться, улучшать качество
валюты.
Автобустарда
қалай төлейді ақшаны, дұрыс па? Автобуста қазір шығарып тастайды контроллерлар.
Мысалы, магазинге барсаң да, майда болмаса, ірі берсең, ештеңе ала алмайсың
ғой.
Сатушылар
да халықтың хабарсыз екенін айтады.
Дүкен
стушысы:
Иә, бір ай бұрын оқығанмын бұл туралы. Сосын
онша мән берген емеспін. Меніңше, бұл дұрыс емес. Себебі мұндай насихатты
ертерек, ең құрығанда бір жыл бұрын бастау керек еді. Адамдардың көбі бұл
хабарды білмей, бізге ескі ақша әкеліп тұратын болады.
Қолма
қол ақшасыз есеп айырысу әзір енгізілмейді. Өйткені халық ақша ұстау әдетінен
арылмаған. Бірақ Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, соңғы 10 жылда қолма қолсыз
сауда жасау 6 есеге артқан. Тек 2015 жылы 600
трлн теңгеге карточка арқылы сауда жасалған.
Ришат
АСҚАРБЕКҰЛЫ