Астанада пробация қызметкерлері 30 жазасын өтеушіні жұмысқа орналастырды. Бұл туралы Астана бойынша ҚАЖД басшылығының "Еңбек ұтқырлығы орталығының", сондай-ақ ҚР ІІМ Қылмыстық іздестіру департаментінің "Еңбек" РМК өкілдерімен болған жұмыс кездесуі кезінде айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құзырлы ведомство пробация қызметінің негізгі міндеттерінің бірі пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу болып табылатынын нақтылады.
"Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты - сотталғандардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, тәуекел тобында тұрған сотталғандардың қайталап қылмыс жасауына жол бермеу. Мемлекеттік органдардың өкілдері жұмысқа орналасу барысында туындайтын проблемалық мәселелерді талқылады. Аталған іс-шарада Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің пррбация қызметі басшылығы мен аудандық пробация қызметінің басшылары қатысты", делінген хабарламада.