$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанада «Ерекше жандар – ерекше мүмкіндіктер» фестивалі өтті

15.07.2024ж. 20:00
426
Астанада «Ерекше жандар – ерекше мүмкіндіктер» фестивалі өтті

Ерекше жандар – ерекше мүмкіндіктер. Дәл осындай Астанада ерекше балаларға арналған фестиваль өтті. Фестивальді тамашалауға 600-ге жуық көрермен келді. Мұнда ерекше қажеттілігі бар жандар да өнерін паш етуге мүмкіндік алды. Олар ән айтып, би билеп, театралдық инклюзивті қойылымдарға қатысты. Сондай-ақ «Кедергілерді жеңу: шектеусіз өмір» тақырыбында панельдік сессия өтті. Шара Мағжан Жұмабаев атындағы Халықаралық жоғары колледж студенттерімен «Біз әртүрліміз, бірақ біз біргеміз» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылды.

Бақдәулет НҰРМАХАМБЕТОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Мен өзім жұмыс істемеймін. Спортпен айналысамын, паракаратэмен. Студенттердің арқасында мен өзімді актер ретінде сезініп тұрмын қазір. Бұларға рақмет маған қолдау көрсетіп, ұсыныс тастады "ойнап беріңізші" деп. Мен қарсылық танытқан жоқпын, бірден келістім. Бар өнерімді салдым.