$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Депутаттар конституциялық реформаны талқылады

AstanaTV
27.02.2017ж. 20:00
2552
Депутаттар конституциялық реформаны талқылады

Конституциялық реформа - Қазақстанның демократиялық дамуындағы бетбұрыс кезеңі. Маңызды тақырыпты талқыға салған Мәжілістегі Қазақстан халқы ассамблеясының депутаттары осылай десті. Олардың пікірінше, Елбасының билік тармақтары арасындағы өкілеттілікті бөлу бастамасы  министрлер кабинеті тағайындалған соң бірден іске кірісуіне серпін бермек.

Конституцияға өзгеріс енгізу - күрделі әрі жауапкершілігі мол іс. Осылай деген палата төрағасының орынбасары Владимир Божко жиын барысына өз ойын ортаға салды. Яғни демократияның бір шындығы бар. Қарапайым халық кері байланыс арқылы Үкімет пен мемлекеттік саясатқа ықпал ете алуы керек. Ал жаңа реформа осы мүмкіндікті жүзеге асырмақ,-дейді ол.

Владимир Божко, ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары:

Біз Үкіметтің рөлін арттыру бастамасына оң баға беріп отырмыз және бұл пікірімізді комиссияға жібердік. Комиссия қатарында білікті мамандар жұмыс істеп жатқанына күмән жоқ. Үкіметтің шешім қабылдаудағы ықпалын күшейту мен тағайындау немесе қызметтен кету мәселесін шешу жайы да маңызды. Барлық ұсыныстар ескеріледі деп сенемін.