«Дональд Трампты қалай
тоқтату керек». Осындай ұранмен бір топ адам Джорджия штатына келді. Жабық
кездесуге қатысқандар қатарында Ақ үй өкілдері, сенаторлар, конгрессмендер мен
қос бірдей жетекші партия белсенділері бар. Huffington Post басылымы жазғандай,
мұндай қадамға оларды Трамптың таңқаларлық жетістіктері итермелеп отырған
сыңайлы. Айованы қоспағанда, өзге көптеген штаттарда, Республикалық партия атынан додаға түсетін
миллиардер бір жеңістен соң екіншісіне жетіп отырған. Мәселен наурыздың 8 -інде
ол Миссисипиде 50% дауыс алды. Трамптың басты қарсыласы сенатор Тед Круз 34%
дауыс жинаған.Хиллари Клинтон да қалысар емес.Оның праймеризде жинағаны 83%. Берни Сандерс -
бар-жоғы 16%-з дауысқа ие болды.
Мичиганда да осыған ұқсас жағдай. Тек мұнда Сандерс Клинтонды басып озуға шақ қалған. Келесі
праймериз Гавай аралдарында өтеді.
Сайлау жақындаған сайын елдегі қарбалас та қыза түсуде. Соңғы жаңалықтың бірі-кандидаттар қатарының
азаюы болып отыр. Нью-Йорктің бұрынғы мэрі Майкл Блумберг Президент сайлауына
қатысудан бас тартатынын мәлімдеген. Еске салайық АҚШ-тағы саяси дода 8
қарашада өтеді
Базаргүл ОТЫНШИЕВА