Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Шымкентте көлік қағып, ес-түссіз жатқан полицейдің беті бері қарады

AstanaTV
09.03.2016ж. 20:00
2124
Шымкентте көлік қағып, ес-түссіз жатқан полицейдің беті бері қарады

Шымкентте көлік қағып, ес-түссіз жатқан жол полициясы инспекторының ахуалы ептеп жақсара бастады. Бұл туралы біздің арна тілшілеріне жергілікті дәрігерлер хабарлады. Дегенмен, ақ халаттылар науқас Ғабит Көбеевтің  жағдайы әлі де болса, бірқалыпты ауыр деп отыр.

Сәрсен Пернебеков, Шымкент қалалық Жедел жәрдем ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Қазіргі таңда бесінші күн болып отыр ғой, жағдайы біршама жақсара бастады. Әлі де емін жансақтау бөлімінде жалғастырып жатыр.- Комадан шықты ма?- Комадан әлі шыққан жоқ. Қазіргі кезде команың жеңіл түрі терең есеңгіреу жағдайында жатыр.

Шымкентте полиция қызметкерін көлік қағып кеткені жайлы өткен жаңалықтарымызда хабарлаған едік. Ауыр бас ми жарақатынан бөлек, аяқ-қолы сынып ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілген науқас әлі кешенді емді қажет етеді. Дәрігерлердің айтуынша қазір ол арнайы аппараттан ажыратылған. Есін толық жиған жағдайда оған бірнеше операция жасау жоспарланып отыр. Айта кетейік, жол-патрульдік полкінің қызметкері 25 жастағы Ғабит Көбеевті 3-наурыз күні қызмет бабында тұрған жерінен көлік қағып кеткен болатын. Күдікті жүргізуші қазір қамауда отыр. Өкінішке орай, бұл полиция қызметкерінің көлік астына түскен алғашқы жағдайы емес. 4-ші ақпан күні де қызметте тұрған жерінде бір инспекторды белгісіз тұлға көлігімен қағып кетіп артынша, ізін жасырған еді. Күдікті арада бір ай өткенде қамауға алынған.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ