Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Оңтүстікте тағы бір әлеуметтік мекемеден туберкулез жұқтырғандар анықталды

AstanaTV
27.02.2017ж. 20:00
2934
Оңтүстікте тағы бір әлеуметтік мекемеден туберкулез жұқтырғандар анықталды

Оңтүстікте тағы бір әлеуметтік мекемеден туберкулез жұқтырғандар анықталды. Бұл жөнінде денсаулық сақтау басқармасының басшысы хабарлады. Төлеби ауданындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тексеру  жүргізілген. Нәтижесінде 7 емделушінің өкпе құрты дертін жұқтырғаны анықталды. Ал Түркістандағы психоневрологиялық орталықта жатып туберкулез кеселіне шалдыққандар саны 65-ке жетіп отыр. Оның үшеуі қайтыс болғанын хабарлаған едік.  Қазір дерттің ашық түрімен ауыратындар оқшауланып, тиісті ем-дом жасалып жатыр.  Аймақтағы жабық мекемелерде қайта тексеру шаралары басталды.

Мұқан Егізбаев, ОҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Білім беру басқармасында осындай 22 нысан бар, интернаттар бар әртүрлі, біреуі көрмейтін, естімейтін деген сияқты. Осыларды да түгелдей тексеру мақсатында біз, денсаулық сақтау басқармасы, бүгіннен бастап барлық сол 22 мекемені кезең- кезеңімен флюра аппаратты қойып, оларды да тексеруді бастаймыз.